"Балаларға базарлық" тақырыбында консультациялық пункт жұмыс жоспары бойынша тәрбиеші Б.Туребаева ата-аналарды балаларымен бірге мобильді кітапханаға саяхат жасатты.
Ата-аналармен консультациялық пункт жұмыс жоспары бойынша тәрбиеші Б.Туребаеваның ұйымдастыруымен "Шебер әке, еңбекқор бала" тақырыбында қолдан жасалған бұйымдармен таныстыру іс-шарасы өтті.
Ата-аналарға арналған консультациялық пункт жоспары бойынша тәрбиешілер бүлдіршіндерді "Қош келдің, Жаңа жыл!" тақырыбындағы іс-шараға қатыстырып,танымын кеңейтіп мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жұмысының жылдық жоспарына сәйкес педагог-психолог "Баламен бірге жаса" арт-терапиялық іс-шара өткізді.